Хромтау аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Хромтау аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті, оның басты мақсаты азаматтармен сұрақ-жауап үлгісінде тілдесу болды.

Аталған шараны Хромтау аудандық сотының төрағасы А.Балмұханов жүргізді.

Төрағаға жеке сұрақ қою мүмкіншілігімен  аталған іс-шараға жалақы бойынша қарызды өндіру сұрағымен келген Д. қолдана алды. Іс-шара шеңберінде оған сотқа шағымдану бойынша заң нормалары түсіндірілді.

Жалпы, судьялардың халықпен жүздесуі азаматтарға дәйекті жауап алуға, әділ сот төрелігіне деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі