Хромтау аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот төрағасы А.Балмұханов  Хромтау аудандық сотында  «Ашық есік күні» өткізді. Бұл шарада мұрагерлікті қабылдау және талап арызбен сотқа жүгіну жөнінде 1979 жылы туылған  Г.О.  азаматшасын   сот төрағасы А.Балмұханов қабылдады.

Сот төрағасы А.Балмұханов «Ашық есік күні» халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтарға дәйекті жауап алуға, әділ сот төрелігіне деген сенімді сенімді арттыруға мүмкіндік беру мақсатында өткізілетін атап өтті. Төраға тұрғындардың құқықтардың сақталуы мен қорғауына қатысты мәселелерін тыңдап, сот талқылауына жататын ғана емес, дауларды сотқа дейінгі реттеу жолдарын, сонымен қатар кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың жұмысы түсіндірді.

Шараның қорытындысы бойынша Г.О.-ның әр сұрағына заңнамаға сәйкес толық түсіндірмелер беріліп, мұраның жойылғандығы сұрағымен Ақжар селолық округіне жүгінуді ұсынылды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі