Халықпен кездесу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Темір аудандық сотының төрағасы Н.А.Бактыгалиев мобильдік топтың мүшелерімен бірге тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мақсатында Шұбарши, Темір, Кеңкияқ және Тасқопа ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

Көшпелі кездесу барысында сот төрағасы Н.А.Бактыгалиев тұрғындарға «Медиация туралы» Заңның ерекшеліктерін түсіндіріп, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың « Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасымен таныстырды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі