Халықаралық қарттар күні мейрамы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

1 қазан күні Қазақстанда Халықаралық қарттар күн» мейрамын атап өту қарсанында, Алға аудандық сотының ұжымы сот жүйесінің ардагері Ташева Раиса Сұлтанқызымен жолықты.

Ташева Раиса Сұлтанқызы сот жүйесінде отыз жылдан астам уақыт қызмет атқарған. Кездесудің мақсаты, аға буынымызға олардың жастарын есіне түсірмей, құрмет көрсетіп, алғыс тілектер білдіру болды. Осы орын алған оқиғаға қоса, Ташева Раиса Сұлтанқызының Алға аудандық сотының тарихында, осы сотта қызмет атқарып, осы соттан бірінші болып зейнетақыға шыққанын айта кеткен жөн.  

Сот ұжымының атынан сот төрағасы Е.С.Мұратқанов құттықтау тілектер білдіріп, ардагерімізге мықты денсаулық, отбасының өркендеуін және бақытты өмір тіледі. Кездесу соңында Алға аудандық сотының ұжымымен дайындалған естелік сыйлықтар табыс етілді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі