Хабарлама жарамсыз деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«К» ЖШС-нің «Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасы» ММ-не хабарламаны жарамсыз деп тану және ақша қаражатын қайтару туралы арыз бойынша азаматтық іс.

 «К» ЖШС-і сотқа арызданып, «Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасы» ММ-не негізінде реферанс шығарылған  хабарламаны жарамсыз деп тануды, есеп шотына 18 193,20  теңге сомасында ақша қаражатын қайтаруды және сот шығындарын өндіруді сұраған. Онда серіктестікпен оның есеп шотына референс түрінде тиым салынғандығы анықталған.  Бұл референс бойынша серіктестіктің шотынан салық қарызын өтеу туралы хабарлама негізінде ақша қаражаттары алынған, ол сеіктестікке электрондық түрде жолданған. Алайда серіктестік электрондық салық төлеуші болып табылмайтынын көрсеткен. 

Сот отырысында арызданушы өкілі арызды толықтай қолдап, қанағаттандыруды сұраған.

Жауапкер өкілі  арызды қанағаттандырудан бас тартуды сұраған, салық борышын өтеу туралы хабарлама салық төлеушіге электронды түрде жолданғаны туралы түсінік берген.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономиаклық сотының 2014 жылғы 27 ақпандағы шешімімен  «К» ЖШС-нің арызы толық көлемде қанағаттандырылған. Сот хабарламаны жарамсыз деп танып, «Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасы» ММ-мен жіберілген «К» ЖШС-нің бұзылған құқықтары мен бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүделерін бұзуды алып қойылған ақша қаражаттарын қайтару жолымен толық көлемде жоюға міндеттеген және сотқа бір ай мерізімде бұзушылықтың жойылғандығын хабарлауға, мемекеттік баж салығын қайтаруға міндеттеген.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

                                                                                                                                           Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі