Есірткілік масаң күйде көлік жүргізгені үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар  аудандық сотында  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (автокөлігін есірткілік масаң күйінде басқарған ) азамат Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мәні бойынша, 04.03.2017 ж. сағат 02.20-шамасында, ол Шалқар қаласы,  Желтоқсан көшесі бойында Audi B 5 маркалы автокөлігін есірткілік масаң күйінде басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушы  кінәсін мойындады.

Соттың қаулысымен  ол  Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі