Есірткі зат

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының №2 сотында Т.-ға қатысты  Қазақстан Республикасының  Қылмыстық  Кодексінің  297-бабының  1-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу)  қылмыстық іс қаралды.       

Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес,  азаматша Т.  2016 жылдың  02 желтоқсан айында Ақтөбе қаласында Заводская көшесінде орналасқан кафе ғимаратының  алдында  аз.А.   2 000  теңгеге  қағазда  оралған  салмағы  0.75 грамм  есірткі зат – марихуанасын заңсыз өткізген. 

Сот үкімімен Т. ҚР ҚК-нің 297-бабының  1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оның жеке өзіне тиісілі мүлкі тәркіленіп,  5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушы Т. процессуальдық шығын 85 949 теңге көлемінде мемлекет пайдасына өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі