Есепшінің талабы толық қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы  К.-ның  жаупкер «G.»  Компаниясы, «G.» Компания филиалына жалақыны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта, талап қоюшы К. жауапкердің қарамағында 2015 жылдың қараша айынан бастап материалдық есепші қызметін атқарғаны, содан кейін 2016 жылдың желтоқсанынан бастап бас есепшінің орынбасары қызметін атқарғаны, алайда 2016 жылдың тамыз айынан бастап жауапкер белгісіз себептермен жалақысын төлемегені, осыған байланысты 451 279,90 теңге бережағы пайда болғаны анықталды.

ҚР Еңбек кодексінің 22 бабының 1 бөлігінің 5 тармағына сәйкес, жұмыскердің еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес уақытылы және толық көлемде жалақы төленуіне құқығы бар.

ҚР Еңбек кодексінің 113 бабы 1 бөлігінде, жалақы ақшалай нысанда белгіленеді және айына бір реттен сиретпей, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді деп көзделген. 

Заңнамада жалақыны төлеу нақты мерзімдері көзделгенін ескере отырып, сот талап қоюшының талабын заңды және негізді деп санады.

Сот шешімімен талап қоюшы К.-ның жалақыны өндіру туралы талабы қанағаттандырылып, оның пайдасына жауапкер «G.» Компания филиалы,  «G.» Компаниясынан 451 280 теңге еңбекақы өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі