Еңбек ақыны төлемегені үшін әкімшілік айыппұлға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  87-бабының 1-бөлімі бойынша (жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде төлемеуі) «Ш» ШҚ-ның басшысы Н-ге  қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Ш» ШҚ-ның басшысы Н. ҚР Еңбек Кодексінің 113-бабының 1 және 3 тармақтары, 23 бабының 2 бөлігінің 5 тармақтарында көрсетілген талаптарды бұза отырып, 2017 жылдың 14 ақпаннан бастап 14 тамызына дейін  еңбек шартымен жұмыс жасаған жұмысшы У-ның еңбекақысын төлемегені анықталды. Соның негізінде «Ш» ШҚ-ның басшысы Н.   Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  87 бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылық жасаған.

Сот қаулысымен «Ш» ШҚ-ның басшысы Н.  60 айлық есептік көрсеткіш,  яғни 136 140 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік жазасы тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі