Дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы 17 қазанында  Мәртөк аудандық сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру. Мектеп медиация» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шарасаға судья Е.Нуршарыпов, «Жастар ресурстық орталығы» ҚБ-нің өкілі А.Утаралина, ҚБ «Болашақ» М.Қайролла, Мәртөк ауылы бойынша кәсіпби емес медиаторлар Б.Казанбаев, И.Данияров және Г.Кужирова қатысты.

Судья Нуршарыпов Е.А.  Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Сотының төрағасымен 26.01.2017 жылы даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы бекітілгенін атап өтті. Пилоттық жобаның міндеттері: татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту; азаматтардың сот шығындарын барынша азайту; халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделілігін анықтау. Бала құқықтарын қорғауға байланысты күнделікті азаматтық істерді қарау барысында туындайтын мәселелерді талқылады. Жиында дауды сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже түсіндіріліп, бала құқықтарын қорғауға байланысты азаматтық істерді қарау барысында туындайтын сот даулары міндетті түрде медиация жүргізуді талап ететін даулардың санатына жататындығы айтылды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі