Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы іске асырылуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ойыл аудандық сотының төрағасы С.З.Танимова «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы» тақырыбында дөңгелек үстел кеңесін өткізді.

 Дөңгелек үстел кеңесіне Ойыл аудан аудан әкімдігінің өкілі, Ойыл ауданының ауылдық округ әкімдері және округтер бойынша кәсіпқой емес медиаторлар қатысты.

Сот төрағасы С.З.Танимова өз баяндамасында даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі ретеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы шілде айында дейін жоспарланғандығын, аталған жоба азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылатындығын түсіндіріп, пилоттық жобаны іске асырудың міндеттері татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделілігін анықтау сонымен қатар жобада көрсетілген мерзім ішінде атқарылған жұмыстарға байланысты тоқталды.

Медиация жүргізу баланың мүдделеріне, еңбек дауларына, мұрагерлік, көршілердің арасындағы жер учаскесінің шекараларын анықтау, пәтерді су басу, сондай-ақ, пәтерден шығару туралы, некені бұзу және мүлікті бөлу, қарыз келісімшарттары, сақтандыру санаттарына қолданылатындығын түсіндірі, пилоттық жоба еріктілік, медиация тараптарының тең құқылығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік, құпиялылық, қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келу қағидаттары негізінде іске асырылатынын айтып өтті.

Дөңгелек үстел кеңесінің соңында  С.З.Танимова қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптарын беріп, қатысқандары үшін ризашылығын білдірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі