«Дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны icкe асыру» тақырыбында өңірлік семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Ақтөбе облыстық сотының бастамасымен Мұғалжар аудандық сотында  «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны icкe асыру» тақырыбында өңірлік семинар  өтті.  

Аталған шараға Ақтөбе облыстық сотының судьясы-медиация бойынша үйлестіруші Б.Ш.Алматова, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, кәсіпқой және кәсіпқой емес медиаторлар, нотариустар, ауылдық округтердің әкімдері және де үкіметтік емес ұйымдар мен коммуналдық қызмет өкілдері қатысты.  

Тұрғындар арасында пилоттық жобаны кеңінен жария ету және түсіндірме жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де шақырылды.

Өңірлік семинарды медиация үйлестірушісі - Ақтөбе облыстық сотының судьясы Б.Ш.Алматова семинарға қатысушыларға бұл маңызды шараның Қазақстан Республикасы судьяларының VII-съезінде Мемлекет басшысы берген тапсырманы жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Ресупубликасының Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Ә.Мәмидің 26.01.2017 жылғы өкімімен пилоттық жоба туралы Ереже бекітіліп, Республика аумағында пәрменді түрде жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Судья Б.Ш.Алматова қолданыстағы бітімгершілік рәсімдерді дамыту -  дауларды реттеу және азаматтардың бұзылған құқықтары мен мүдделерін қорғау тетіктерін жетілдірудің басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.

Жоба шеңберінде бала мүдделері, кей санаттағы еңбек даулары, мұрагерлік, көршілер арасында жер учаскесінің шекараларын анықтау, пәтерді су басу, пәтерден шығару, некені бұзу, мүлікті бөлу, қарыз, сақтандыру шарттарына қатысты даулар бойынша медиацияны міндетті түрде жүргізу қамтылғанын, пилоттық жобаның жекелеген санаттағы дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылатынын, медиация өткізу тәртібін, жобаның артықшылығы мен ерекшелігіне тоқталып өтті.

Семинарда сөз сөйлеген Мұғалжар аудандық сотының төрағасы С.З.Тасымбетов та бұл жобаның өте маңызды екенін атап өтіп, Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Абрарұлының тікелей басшылығымен облыс соттарында пилоттық жоба бойынша жұртшылық арасында түсіндірме жұмыстары қызу жүргізіліп жатқанын, сот ғимараттарында сот медиациясын қолдану механизмі қамтылып, медиация кабинеттері ашылып, ақпараттық стендтер, интернет-ресурстарда қажетті ақпараттар орналастырылғанын, пилоттық жобаның мақсаттары мен міндеттері туралы айтты.

Шара соңында семинарға қатысушылар пилоттық жобаны іске асыруға бағытталған ұсыныстарды талқылап, жобаны енгізу тәжірибесі бойынша белсенді диалог жүргізді.

 

   

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі