Дау партисипативтік тәртібімен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық соты  талап қоюшы М.-ның жауапкер Қ.-ға берген қарыз ақшасын өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс  қарады.

Талап қоюшы М. жауапкер Қ.-дан 2017 жылдың сәуір айына дейін қайтарамын деген, алайда әлі күнге дейін қайтармай жүрген қолхатқа сай 10 300 теңге қарызын өндіріп беруді сұрады.

Сот отырысында тараптардан өздерінің адвокаттарының қатысуы арқылы келген  партисипативтік рәсім тәртібімен істі бітіру жөнінде келісім түсіп, келісім шарттары ретінде, талап қоюшы  М. талап арыздан толығымен бас тартатынын, ал жауапкер Қ. өз жағынан талап қоюшыға 2017 жылдың 16 тамызына дейін 10 300 теңге төлеуге міндеттенетінін келтірген.

Тараптарға істі өндірістен қысқарту салдарлары түсіндірілді.

Сот дауды партисипативтік тәртібімен реттеу туралы татуласу келісімін бекітті және істі өндірістен қысқартты.

Ұйғарым  заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі