Дау партисипативтік рәсіммен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында азаматтық іс партисипативтік келісіммен аяқталды.

Талап қоюшы  М. сотқа талап арыз беріп, жауапкер Е.  5 415 000 теңге қарызын өндіруді,  ал жауапкер қарсы талап арызбен  қарыз туралы қолхатын жарамсыз деп тануды сұраған.

Сот отырысында тараптар дау бойынша өзара адвокаттары араласуымен жасалған партисипативтік келісімдерін ұсынды.

Партисипативтік келісім бойынша жауапкер  Е. 5415000 теңге қарызы орнына 01.09.2017 ж. дейін 2 500 000 теңге көлемінде қарызын қайтаруға ұсыныс келтірген, талап қоюшы М.  ұсынысын қолдап, келіскен.

Тараптар талап арыздарынан бас тартуда.

Соттың ұйғарымымен  тараптардың жасасқан партисипативтік келісімдері бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Төленген мемлекеттік баж салықтары өздеріне қайтарылды.

 Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі