Дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Е». ЖШС-нің «Н». ЖШС-нен  берешек  өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

2016 жылғы 12 мамырда «Е». ЖШС мен «Н». ЖШС арасында жеткізілім шарты жасалған.

Шарт талаптары бойынша кредитормен  борышқорға 1 тоннасы 75 000 теңгеге, жалпы сомасы 2 625 000 теңге барлығы 35 тонна  бидай тұқымдары түрінде несие берілген. Борышқор есептеуді 2016 жылғы 1 қарашаға дейін  жасауға міндеттенген. Жауапкермен шарт талаптары тиісті түрде орындалмай,  1 925 000 теңге көлеміндегі қабылданған тауарлық несие үшін төлем жасалынбаған.

Шарттың 3.1 тармақшасына сәйкес есептесудің мерзімін өткізіп алған жағдайда, борышқор мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін қарыз сомасының 0,1% көлемінде өсімақы төлейді. Мерзімі өткен күндер саны 212 күнді құрайды (1 925 000 * 0,1% = 408100 теңге: негізгі қарыз 1 925 000 + өсімақы 408 100 = 2 333 100 тенге).

Талап қоюшы талап арызында «Н». ЖШС-нен 2 333 100 теңге көлемінде негізгі қарыз сомасы мен 69 933 теңге мемлекеттік баж сомасын өндіруді сұраған.

Сот отырысында тараптардан медиация жүргізу туралы өтінішхат және дауды медиация тәртібімен реттеуді бекіту туралы келісім түсті, оның шарттарына сәйкес:

- «Е». ЖШС-гі талаптарын 2 333 100 (екі миллион үш жүз отыз үш мың бір жүз) теңгеден 2 047 430 (екі миллион қырық жеті мың төрт жүз отыз) теңгеге азайтады, өз кезегінде «Н». ЖШС 01.10.2017 жылға дейін төлеуге міндеттенеді.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді, сонымен қатар 69 993 (алпыс тоғыз мың тоғыз жүз тоқсан үш) теңге көлеміндегі мемлекеттік баж қайтарылды, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі