Дау бітімгершілік келісіммен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы К.-тың  жауапкер «A.S.G.» ЖШС-не 283 175 теңге мөлшерінде міндетті зейнетақы салымдарын «БЖЗҚ» АҚ - ның шотына аудару туралы азаматтық ісі  қаралды.

Талап арыздың уәждеріне сәйкес, талап қоюшы «A.S.G.» ЖШС-де  2013 жылдың сәуір айынан бастап  2016 жылдың қантар айы аралығында жұмыс атқарған. Зейнеткерлікке шығуына байланысты  2016 жылы жұмыстан шыққан, алайда кірістер туралы анықтамаға сәйкес, жауапкер 2014-2015 ж.ж. талапкердің міндетті зейнетақы салымдарын «БЖЗҚ» АҚ - ның шотына уақытылы аудармаған, сондықтан талап қоюшы К. төменгі мөлшердегі зейнетақы төленіп отырғаны анықталды.

Сот отырысында тараптар дауды медиациялық тәртіппен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішпен жүгініп, оның шарттары бойынша жауапкер «A.S.G.» ЖШС-сі 134 342 теңге мөлшерінде міндетті зейнетақы салымдарын «БЖЗҚ» АҚ - ның шотына 2017 жылдың 30 маусымына дейін аударуға міндеттенді, ал талап қоюшы  талап арыздан бас тартты.

Сотпен ҚР АПК-нің 277-278 баптарына сәйкес, дауды медиациялық тәртіппен реттеу туралы келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі