Бітімгершілік келісім – дауды шешудің жолы ретінде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот судьялары және шақырылған адвокаттар, медиаторлар, заңды тұлға өкілдерінің қатысуымен «Бітімгершілік келісім – дауды шешудің жолы ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында аталмыш татуластыру рәсімінің артықшылықтары, бітімгершілік келісімінің мазмұны және келісімді бекіту туралы өтінішхаттың қаралу тәртібі талқыланды. Судья Г.К.Избасарованың ұсынған баяндамасына сәйкес, татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейінгі сот талқылауының кез келген сатысында, сондай-ақ сот актісінің орындалуы кезінде жасалуы мүмкін. Татуласу келісімі жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар немесе олардың өкілдері оларда сенімхатта арнайы көзделген татуласу келісімін жасауға өкілеттіктері болған кезде қол қояды. Татуласу келісімі оларды орындау мерзімі мен тәртібі көрсетіле отырып, тараптар келіскен шарттарды қамтуға тиіс.

Іс-шараның соңында төрағалық етуші барлық қатысушыларға келгендері үшін алғысын білдірді, сонымен қатар барлығын туындаған дауларды татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы шешуге шақырды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі