Бітімгершілік келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «В» ЖШС-нің ДК «К-дан» сома  өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

«В». ЖШС мен ДК «К».  арасында 09.03.2017 ж. жеткізілім шарты жасалған, оның шарттарына сәйкес тауар беруші тауарды жеткізуге, ал сатып алушы қабылдау және төлеуге міндеттенген. Шарттың №1 сипаттізіміне сай төлеу тәртібі: оған қол қойылғаннан бастап үш жұмыс күні ішінде 100% төлем.

«В» ЖШС 09.03.2017 ж. шартта көрсетілген өзінің міндеттемелерін тиісті түрде орындаған, тауар үшін 1 803 047 (бір миллион сегіз жүз үш мың қырық жеті) теңге сомасында төлем жасаған, алайда жауапкер ДК «К» тарапынан тауар жеткізілімі жасалмаған, ақшалай қаражат қайтарылмаған. ДК «К-ның» талап қоюшы алдында берешегі 1 803 047 (бір миллион сегіз жүз үш мың қырық жеті) тенгені құраған. Сонымен қатар, 44 мерзімі өткен күн үшін есепке сай  жалпы сомасы 79 334 (жетпіс тоғыз мың үш жүз отыз төрт) теңгені құрады.

Тараптар өкілдерінен келесі шарттар бойынша бітімгершілік келісімін бекіту туралы арыз түсті:

- ДК «К» «В» ЖШС-не 2017 жылғы 5 тамызға дейін 1 803 047 (бір миллион сегіз жүз үш мың қырық жеті) теңге көлемінде берешек сомасын төлейді.

- Бітімгершілік келісімін жасағандықтан «В» ЖШС талаптарынан бас тартады.

 

Сот ұйғарымымен бітімгершілік келісім бекітілді, сонымен қатар 56 475 (елу алты мың төрт жүз жетпіс бес) теңге  көлеміндегі мемлекеттік баж қайтарылды, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар