Билік өкiлiн қорлау, билік өкіліне бағынбау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының №2 сотында Т. қатысты  Қазақстан Республикасының Қылмыстық  Кодексінің 378-бабының  2-бөлігімен, 379-бабының 1 бөлігімен  (билік өкiлiн қорлау, билік өкіліне бағынбау)  қылмыстық іс қаралды.       

Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, 2017 жылдың 04 қаңтар айында 02 сағат 00 минут шамасында, Ақтөбе қаласының ІІБ-ның Сазды ПБ-нің ЖПҚ-нің аға лейтенант полициясы А. және Б. Ақтөбе қаласы, 11 мөлтек ауданында отбасылық жанжал туындауына байланысты шақырту бойынша келген. Аталған мекен-жайда азаматша Д. аз.Т. қатысты шара қолдану бойынша жазбаша арызданған. Шақырту бойынша келген полиция қызметкерлері соңғыны Ақтөбе облыстық наркологиялық медициналық сараптамаға өткізу үшін өздерімен бірге жүруін талап еткен. Алайда, Т. алкогольдік еліту жағдайында бола тұра, полиция қызметкерлерінің талабына бағынбай, полиция қызметкерлерін өз қызметтік міндетін атқару кезінде қорлап, балағаттаған.

Сот үкімімен  Т. теріс қылық деп танылып,  Қазақстан Республикасының Қылмыстық  Кодексінің  378-бабының 2- бөлігімен, 379-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 120 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі