Байғанин аудандық сотында баспасөз мәслихаты өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байғанин аудандық сотында 2016 жылы 9 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша аудандық қоғамдық-саяси «Жем-Сағыз» газетінің редакторы Ұ.Қ.Қадірдің қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізілді. Баспасөз мәслихаты барысында аудандық сот төрағасы Ж.Б.Қуанышев тақырып бойынша баяндамасын оқып, жұмыс көрсеткіштерін жариялады.

Есепті кезең ішінде 67 адамға қатысты 61 қылмыстық іс қаралды, 58 қылмыстық істер аудио-бейне жазба пайдаланып қаралған. 26 адамға қатысты 23 үкім шығарылған. 35 адамға қатысты 35 қылмыстық іс қысқартылған, оның ішінде 11-і медиатордың қатысуымен, қалғандары жәбірленушілермен татуласуларына байланысты қысқартылған, аяқталмай қалған іс болған жоқ, барлығы толық аяқталды.

118 азаматтық іс қаралып, қабылдаудан бас тартылғаны 2; сот бұйрығы 34, 23 іс қысқартылған, 59 шешім шығарылып, оның 54-і қанағаттандырылған, қанағаттандырылудан бас тартылғаны 5; сырттай қаралған іс болмаған; соттылығы бойынша жолданған істер болмаған. Медиация тәртібімен (қарыз өндіру, неке бұзу) 3 іс қаралған. Азаматтық істердің қаралу мерзімдері сақталған. Азаматтық істер бойынша жеке қаулы шыққан жоқ.

178 әкімшілік іс түсіп, қаралған; кері қайтарылғандары жоқ, 40-ы қысқартылып, 11 әкімшілік іс бойынша ескерту, 62-не айыппұл, 40-на қамау, 25-не арнайы құқығынан айыру; 10-на тәркілеу (қосымша) туралы жазалар қолданылған; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерінің қаралу мерзімдері сақталған; үн-бейне құралы арқылы 175 істер қаралған;

Есепті кезең ішінде жеке және заңды тұлғалар т.б. судьяның әрекеттеріне байланысты шағым түспеген; әр түрлі мәселелер бойынша сот төрағасы азаматтарға 38 рет қабылдау жүргізіп, құқықтық кеңестер берген.

Шара барысында төраға Ж.Б.Қуанышев редактордың қойған сұрақтарына жауаптарын берді. 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі