Басқа мүлікті ұрлау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында ҚР ҚК-нің 175 бабының 1 бөлігімен аз. Б. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Істің мәні бойынша азамат С. 2013 ж. желтоқсан айының  30-нан 31-не  қараған түні сағат 00.30-шамасында Алматы-Ақтөбе бағытындағы №23-жолаушылар пойызы Шалқар станциясына келіп тоқтаған кезде, ішімдік ішіп алып, мас күйінде вагондарды қарап жүріп, аталған поездың №13-вагонына бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау мақсатында кіріп, барлық жолаушылардың ұйықтап жатқанын пайдаланып, сол вагонда жолаушы ретінде келе жатқан Б.-нің  қара түсті жол сөмкесін, пайдақорлық ниетпен жасырын ұрлап алып кетіп, жәбірленушіге 50 750 теңге көлемінде мүліктік зиян келтіріп,  ҚР ҚК-нің 175-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасаған.

Сот қаулысына сәйкес  жәбірленуші мен айыпталушының татуласуына байланысты қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі