Баласының түнгі мезгілде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін ата-анасы жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байғанин аудандық сотында А.К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің материалдарына сәйкес, А.К. кәмелетке толмағанның заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде сағат 23-тен кейін болуына жол бергені үшін Байғанин аудандық ІІБ-нің қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 442-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, ескерту жазасы қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап, яғни кәмелетке толмаған баласының сағат 23.02-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуына тағы да жол берген.

Соттың қаулысы бойынша А.К. Қазақстан Республикасы   Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы 3-бөлігінде (Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер) көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 34 035 (отыз төрт мың отыз бес) теңге айыппұл салынды.

Қазақстан Республикасы   Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 54-бабының талабына сәйкес, кәмелетке толмаған Ә.Ж.-ның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы аудандық ІІБ-нің өтінішхаты қанағаттандырылып, тәрбиелік ықпал ету шараларымен бірге оның мінез-құлқына үш ай мерзімге ерекше талаптар белгілеп, кафе, тойхана, түнгі клуб, компьютер, бильярд орындарына бармау, тұрғылықты жерінен сағат 23.00-ден кейін шығуға тыйым салып, оны бақылауды аудандық ІІБ-не міндеттеп, профилактикалық әңгімелесу үшін оған айына үш рет аудандық ІІБ-не келу міндеті жүктелді.

Қаулы заңды күшіне енді. 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі