Баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы дау сот медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында талап қоюшы Б.-ның жауапкер Р.-ға кәмелетке толмаған балалардың тұрғылықты жерін айқындау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында тараптар сот медиация тәртібімен реттелген келісімді бекітуді сұрады.

Келісілген шарт бойынша, Р. кәмелетке толмаған балалардың пікірін ескеріп, балалардың тұрғылықты жері мен заңды мекен жайын әкесі Б.-мен бірге айқындауға келіседі.

Өз кезегінде Б., Р.-ға балаларымен араласуға қарсылық көрсетпеуге міндеттенеді.

Талап қоюшы Б. талабынан бас тартты.

Тараптарға іс жүргізуді тоқтату тәртібі мен салдарын түсіндірілді.

ҚР АПК-нің 278-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік баж төлемі талап қоюшыға қайтарылды.

Сот ұйғарымымен сот медиациялық келісім шарты бекітіліп, азаматтық іс тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі