Азаматтық іс партисипативтік келісіммен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар сотында талап қоюшы Қ.-ның жауапкер Т.-дан неке  бұзу туралы  азаматтық ісі қаралды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексінің 181-бабына сай тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтініш хаты мәлімдеуге құқылы.

Партисипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуі мен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізіледі.

Ақтөбе облысының адвокаттар алқасынының адвокаттары  екі тарап  арасындағы дауды реттеуді қолдап, сотқа партисипативтік рәсім тәртібімен реттелген келісімді бекітуді сұрады.

Партисипативтік рәсім тәртібімен реттелген келісім заң талаптарына сай сотпен бекітілді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі