Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алға аудандық  сотында  талап қоюшы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жауапкер    О.-дан коммуналдық қызмет үшін берешекті өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында жауапкер О. жанұясымен коммуналдық қызметтерді пайдаланып, коммуналдық қызмет үшін қарызды қайтармағаны анықталған, сол себептен дауды шешу үшін талап қоюшы сотқа  жүгінген.

Сот отырысында тараптар дауды медиативтік келісіммен шешіп, келесі жағдайларда келісімге келді: жауапкер аз.О. талап қоюшының талабын   толығымен  30.08.2017 ж. дейін төлеп құтылуға келіскен, ал талап қоюшы өзінің талап арызынан бас тартады.

 Осыған байланысты аталған азаматтық іс бойынша медиативтік келісім бекітіліп,  іс жүргізу тоқтатылып, сотпен төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі