Азаматтық іс бойынша тараптар бітімгершілік келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйтеке би аудандық сотында  талапке Т-ның жауапкер Әйтеке би ауданындағы орта мектебі ММ-сіне, үшінші тұлға ММ-сіне жұмысқа қайта орналастыру, еңбек ақын өндіру және дауласу мерзімін қалпына келтіру туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс бойынша, талапкер Т. Әйтеке би ауданындағы орта мектебі ММ-сіне жұмыс жасаған, алайда мектеп директоры талап қоюшының жойылған соттылығы болуына байланысты жұмыстан босату туралы бұйрық шығарған. Талапкер жұмысқа қайта орналастыру, еңбек ақысын өндіру және дауласу мерзімін қалыпына келтіруді сұраған, сол себепті талап қоюшы сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Сот отырысында тараптар бітімгершілік келісімге келіп,  сот келесі жағдайларда бітімгершілік келісімімен азаматтық істі қысқартты: Жауапкер Әйтеке би ауданындағы орта мектебі ММ-сінің директоры жұмыстан босату туралы бұйрықты бұзып, күшін жойып талапкерді жұмысқа қайта алып, 6 ай жұмыстан бос жүрген уақыттағы жалақысын төлейді. Талапкер татуласу келісімімен толық келісіп, талап арызынан толық бас тартады.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

  

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі