Азаматтарды қабылдау өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты төрағасының міндетін атқарушы кезекті азаматтарды қабылдау өткізді. А.М.Жүсіповтың қабылдауында уақытша әкімшінің іс-әрекетіне шағым жасау мен бұйрық арқылы іс жүргізудегі мемлекеттік баж сұрақтары бойынша 2 адам болды.

Төраға м.а «Оңалту және банкроттық туралы» заңның 72 – бабы 6 - тармағына сай, уақытша әкімшінің шешімімен келіспеген жағдайда кредитор, құрылтайшы (қатысушы), борышкер оңалту туралы істі қарайтын сотта он жұмыс күні ішінде оған шағым жасауға құқылы екендігін айтты.

Сонымен қатар, екінші жүгінген адамның сұрағы бойынша, арызды қабылдаудан бас тартылған кезде өндіріп алушымен төлеген мемлекеттік баж қайтарылатындығы түсіндірілді. Өндіріп алушы төлеген мемлекеттік баж сот бұйрығының күші жойылған кезде қайтарылмайды. Өндіріп алушы борышкерге талап қою ісін жүргізу тәртібімен талап қойған кезде ол төленуге жататын мемлекеттік баж есебіне есептеледі.

Қабылдауда болған тұлғалар өз сұрақтарына толыққанды жауаптар алды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі