«Ауыр қылмыс жасады»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

          Сот өндірісінде ҚР ҚК-нің 103 бабының 3 бөлімімен сотқа берілген Ш. деген азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

         Қылмыстық іс құжаттарына қарағанда:  2013 жылы 15 желтоқсан айында шамамен 18 сағат 30 минут шамасында  белгілі мекен жайы жоқ, Ш. Ақтөбе қаласы,  Сатпаев көшесіндегі 12 үйдің жер төлесінде,  алкогольдік еліту жағдайында,  аяқ  астынан пайда болған  ашу-араздық салдарынан, Ш. полиция қызметкерлерінің ақпаратшысы деген сөздерін қылмыс жасауға сылтау қылып, тікелей қылмыстық оймен әрекет ете отырып, күтпеген жерден қолымен  қасақана Б.-ның бас тұсының әр жеріне соққы жасап,  денсаулығына адам өміріне қауіпті ауыр зиян келтіріп, жәбірленушінің бас миының езілуі және ісінуінен абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеліп соқтырған қылмыс жасап, адам өміріне қауіпті денсаулыққа ауыр дәрежедегі бас сүйек мидың жабық жарақаты бас миының жұмсақ ми қабаты астына қанқұйылуы,  жабық түріндегі кеуде клеткасының және ішінің жарақаттары, бетінің қанталауы, оң жақ бүйірі, оң жақ тізесінің жарақаттануы түріндегі дене зақымдарын келтірген. Алынған ауыр дәрежелі дене зақымдарынан жәбірленуші абайсызда қаза болған.

        2014 жылы 06 наурыздағы сот үкімімен  Ш. ҚК-нің 103 бабының 3 бөлімімен жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

         Үкім заңды күшіне енген жоқ.

                                                                                                                                                      Ақтөбе  облыстық  сотының  баспасөз  қызметті.