«Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережесі» тақырыбында семинар сабағы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережесі» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Семинарға соттың кеңсе меңгерушісінің м.а. Г.Т. Абиева және сот мамандары қатысты.

Г.Т. Абиева өз баяндамасында: «Талап арыздар, ерекше талап қою мен ерекше іс жүргізу арыздары судьяның өндірісіне қабылдау туралы ұйғарымы шығарылғаннан кейін ғана іске  нөмір беріліп, азаматтық істер ретінде тіркелуге жатады. Құжаттарды сот отырысының хатшысы іске хронологиялық тәртіппен қалыптастырады. Әрбір іс 180 парақтан аспауға тиіс, парақтар саны көрсетілген нормадан асқан жағдайда құжаттарды томдарға бөлген жөн болады. Әрбір том парақтары дербес нөмірленіп, жеке іс түрінде болады. Барлық томдардағы тақырып бірдей болуға тиіс, осы томның ерекшеліктері ғана қосымша көрсетіледі. Бір мәселе бойынша құжаттар томдар арасында бөлінбейді»- деп атап өтті.

Семинарға қатысушылар 2016 жылғы 05 наурыздағы аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу жаңа ережелері бойынша мәселелі сұрақтарды талқылап, нәтижесі бойынша ұсыныс дайындалды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі