Ата-ана құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық сотында  талап қоюшы Мәртөк ауданы бойынша білім бөлімі жауапкер Г-ға қатысты ата-аналық құқығынан айыру  туралы азаматық іс қаралды.

Талап қоюшы жауапкер   Г-ға   2003 жылы туылған кәмелетке толмаған қызына қатысты ата-ана құқығынан айыру  туралы талабымен сотқа жүгінді, өз талабында жауапкер қызын тәрбиелеу бойынша ата-аналық міндеттерін орындамайды, өзінің тұрағы бойынша теріс мінезделген, жүйелі түрде спирт ішімдіктерін пайдаланады, баланы қараусыз қалдырып, үйінде ұзақ уақыт болмайды.

Жауапкер Г., сот отырысында талап қоюшының талап арызында көрсетілген мән-жайларды толықтай мойындады.

Сот ата-аналық құқығынан айыру туралы талабын толық қанағаттандыруды шешті. Жауапкерден алимент өндірілді.Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі