Ата-ана балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балаларды тәрбиелеу - бұл әрбір ата-ананың міндеті, болашағына жауаптылығы. Баланың болашақ тағдыры көптеген жағдайда ата-анасына байланысты. Бала адамдармен кең пейілді қарым-қатынаста болу үшін, алдымен ата-ананың өздері дұрыс жолда болуы тиіс. Бірақ көбінесе ата-аналар бала тәрбиелеуде өздерінің міндеттерін толық орындамайды.

Ақтөбе облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі   мамандандырылған аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен азаматша А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.    

Сотта азаматша А. өзінің кәмелетке толмаған балаларына қатысты ата-ананың тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамай, күтіп-бағуына және оқуына, үйде тұруына жағдай жасамай, алкогольдік ішімдікке салынып, балаларын қараусыз қалдырғаны анықталған.

Сот азаматша А-ны Қазақстан Республикасы әкімшілік құық бұзушылық туралы кодексінің  127-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартып, оған 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни  14847 теңге мемлекет пайдасына айыппұл төлеуге міндеттеді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі