Ата-ана арасында балаға қатысты дау сот медиация тәртібімен реттеліп шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында талап қоюшы Б.-ның жауапкер Е.-ға кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Сот отырысында тараптар сот медиация тәртібімен реттелген келісімді бекітуді сұрады. Келісілген шарт бойынша:
Е. он жасқа толған баласының пікірін ескеріп, баласы Т.-ның тұрғылықты жері мен заңды мекен жайын әкесі Б.-мен бірге айқындауға келіседі.
Өз кезегінде Б. баланың анасы Е.-ға баласына қатысты ата-аналық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қарсылық көрсетпеуге міндеттенеді.
Тлап қоюшы Б. талабынан бас тартады.
Тараптарға Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстің 178, 278-баптары бойынша, іс жүргізуді тоқтату тәртібі мен салдарын түсіндірілді.
ҚР АПК-нің 278-бабының 3-бөлігіне сәйкес төленген 1135 теңге мемлекеттік баж төлемі талап қоюшыға қайтарылды.
Сот ұйғарымымен сот медиациялық келісім шарты бекітіліп, азаматтық іс тоқтатылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: