Астана күніне арналған жиналыс өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Шалқар аудандық сотында  Астана күніне арналған жиналыс өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы О.Ә.Бақтыгереев, сот судьялары және мамандары қатысты.  

Іс-шара барысында сот төрағасы О.Ә.Бақтыгереев, сот судьялары және мамандарын мерекемен құттықтай отырып, өзінің жас екеніне қарамастан, Астана бүгінгі күнде Орталық Азия астанасының атағына үміттене алатынын атап өтті. Соңғы бір жарым онжылдықтың ішінде қала іс жүзінде  танымайтындай өзгерді. Қазақстанның астанасы таза және жарық, тартымды және заманауи, болашақтың және қазіргі уақыттың қаласы,  қазақстандықтардың асқақ арманы болып табылатындығын атап өтті.

Жиналыстың қорытындысын шығара отырып, сот төрағасы ұжымға Отанының игілігі үшін табысты еңбек тіледі.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі