«Ашық есік» күні өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ырғыз аудандық сотында 13.09.2017 ж. кезекті «Ашық есік» күні өткізілді.

«Ашық есік күні» іс-шарасы сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру болып табылады және халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін арттыру, сот төрелігін жұртшылыққа қолжетімді ету мақсатында өткізіледі.

Ауыл тұрғындары ай сайын ұйымдастырылатын аталмыш шара барысында өздерінің көкейіндегі мәселелерін ортаға салды.

Ырғыз ауылының тұрғыны М.Қолдаров бала асырап-алу туралы және ол үшін қандай құжаттар қажеттігі жөнінде, Қ.Мырзамуратова мұрагерлік үлесін бөлу жөніндегі сауалдарымен жүгінді.

Сот төрағасының міндетін атқарушы  С.Махамбетов келушілердің сауалдарына заң талабына сәйкес толық әрі жан-жақты жауап беріп, ай сайын өткізіліп отырған шараның мақсатын түсіндірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі