Ашық есік күні өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Ойыл  аудандық сотында сот төрағасының өкіміне сай,  әр айдың екінші жұмасы  «Ашық есік күні» деп белгіленді.

Іс-шараның мақсаты – сот жүйесінің  жұмысына сенімін арттыру,  сот имиджін көтеру, сот қызметімен таныстыру, азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру және әділдік пен заңдылық  өмірдің  ұстанымы екендігін түсіндіруге бағытталған.

Ойыл аудандық сотында 14.07.2017 жылы «Ашық есік күні» өткізіліп сот төрағасы С.З.Танимова азаматтардың қабылдауын жүргізді.

Қабылдауға Ойыл селосының тұрғындары  азаматша Т. ата-аналық құқығын қалпына келтіру мәселесімен келсе, аз. Ж. соттылығын алып тастау жөніндегі сұрақтарымен келді және  А. кепілдікке салынған үй жайын  кепілдіктен алу мәселесі бойынша сұрады.

Сот төрағасы С.З.Танимова Қазақстан Республикасының қылмыстық және азаматтық процесстік Кодекстерінің талаптарына  байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, әрбір қойылған сұраққа қолданыстағы заңнамаға сілтеме жасай отырып, толыққанды жауап берді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар