Ашық есік күні

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту, сондай-ақ сот төрелігіне қол жетімділік мақсатында «Ашық есік» күні ай сайын және азаматтарды қабылдау күні апта сайын дүйсенбі күні сағат 09.00-18.00 аралығында әр түрлі сұрақтар бойынша өткізіледі. 

Төраға А.Муканов өткізілген «Ашық есік» күнінде Ембі қаласының тұрғындары азаматша Д. неке бұзу туралы, азамат Ш. баласын қайтарып алу туралы сұрақтарымен келіп, оған қолданыстағы заңнамаға сай түсініктеме берілді. 

Сонымен қатар даулы мәселелерді медиация тәртібімен шешу мүмкіндігі жөнінде айтылды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі