Ашық есік күні

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» ай сайын және азаматтарды қабылдау күн сайын сағат 16.00-18.00 аралығында әр түрлі сұрақтар бойынша өткізіледі. 

Шара барысында сот төрағасы Н.Б.Ормахановқа кәмелетке толмаған балалардың тұрғылықты жерін айқындау туралы сұрағымен азаматша К. мен азамат М.-ды  жүгінген.

Аталған сұрақ бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің талаптарын түсіндірілді.

Сондай-ақ, сот төрағасы «Ашық есік күні» сот жүйесінің ашықтығымен жариялылығын, халыққа құқықтық көмек көрсету  және соттың имиджін қалыптастыру мақсатында өткізілетіндігін атап өтті.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі