Алкоголді мас күйінде және көлік құралын құжатсыз басқарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат У.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, ол көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ тұлға бола тұра,  2017 жылғы 7 шілдеде 03 сағат 10 минут шамасында, Ақтөбе қаласы, Ағ.Жұбановтар көшесінде алкоголді мас күйінде «Vaz 21115» маркалы көлік құралын басқарған, яғни жол қозғалысы ережесінің жүргізушіге көлік құралын мас (алкоголді, есірткімен немесе басқа да) күйінде басқаруға тыйым салатын талабын орындамай, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабының 6 бөлімінде (көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдардың көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Соттың қаулысымен азамат У. 20 тәулікке әкімшілік қамау жазасына тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі