Алкоголді мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша В-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, ол көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ тұлға бола тұра,  2017 жылғы 9 маусымда 03 сағат шамасында, Ақтөбе қаласы, Қарғалы селосы, Геолог көшесіндегі «Грейс» кафесінің қарсысында, «Mazda 323» маркалы көлік құралын алкоголді мас күйінде басқарған, яғни жол қозғалысы ережесінің жүргізушіге көлік құралын мас (алкогольді, есірткімен немесе басқа да) күйінде басқаруға тыйым салатын 2.4.2 тармағының талабын орындамай, ҚР  әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабының 6 бөлімінде (көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдардың көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Соттың қаулысымен азаматша В. 20 тәулікке әкімшілік қамау жазасына тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: