Алимент мөлшерін азайту туралы талап арыз медиациямен қысқарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ойыл аудандық сотына талапкер азамат Ж.-ның жауапкер азаматша Ж.-ға қатысты алимент мөлшерін азайту туралы талап арызы қаралды.

Өткізілген алдын ала тыңдауда  тараптарға медиацияның отбасылық қатынастар саласындағы ерекшеліктері туралы түсіндіргеннен кейін, тараптар сотқа дауды медияция тәртібімен реттеу туралы келісімге келді.

Ойыл аудандық сотының азаматша Ж-ның пайдасына азамат Ж-дан әр қайсысы 25% мөлшерінде екі сот бұйрықтарымен өндірілген алимент мөлшері 33% азайтылып, талапкер Ж. талабынан бас тартып, азаматтық істі қараған судья тараптардың дауды реттеу туралы келісімін сот медиациясын жүргізу тәртібімен бекітіп, іс жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі