Алға аудандық сотында «Бұйрық өндірісі арқылы арыз беру» тақырыпта семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алға аудандық соты «Бұйрық өндірісі арқылы арыз беру» тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шараға сот төрағасы Е.С.Мұратқанов, судьялар және Алға аудандық кіріс басқармасының, КМК «Алға-Жылу», «Тазалық» ЖШС-нің өкілдері, кеңсе мамандары қатысты.

Семинарда баяндама жасаған судья Ғ.К.Укшебаев  бұйрық арқылы іс жүргізуге соттың бұйрығы негізінде берешекті өндіріп алуға, сот бұйрығы шығарылатын талаптарға, сот бұйрығын шығару туралы арыздың нысаны мен мазмұнына, сот бұйрығын шығару тәртібі мен мерзіміне, төленетін мемлекеттік бажға, сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тарту және қайтару негіздеріне  қысқаша тоқталып,  мәлімделген даусыз талаптың мәні бойынша сот бұйрығын судья арыздың сотқа келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде шығаратындығын және оның  тараптарға өте тиімді  екендігін атап  өтті.

 Сот төрағасы  семинарды қорытындылап, бұйрық арқылы іс жүргізу тараптарға тиімді  екендігін, сонымен қатар  сот төрелігін жүзеге асыру кезінде іс-жүргізушілік мерзімдерді сақталатынын атап  өтті.

Семинар барысында қатысушылар туындаған сұрақтарды талқылап өз пікірлерімен алмасты.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі