Алға аудандық сотында Астана күніне арналған салтанатты жиын өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алға  аудандық сотында  судьялар мен сот  мамандарының қатысуымен Астана күніне арналған салтанатты жиналыс өткізілді. Жиналыста аудандық соттың төрағасы  Е.С.Мұратқанов Астана күні мен тәуелсіз еліміздің қалыптасу кезеңіне байланысты баяндама жасады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатының арқасында елордамыз бүгінгі таңда елдің төрі - барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналғанын, жас астананың өзiндiк дәстүрi мен тарихы тереңнен басталатынын, әлемдiк архитектураның үздiк үлгiлерi бойынша тұрғызылған тұғырлы қала екенін айтып өтті.

Мазмұнды баяндамасымен бөліскен сот төрағасы  Е.С.Мұратқанов сот қызметкерлерін Астана күнімен құттықтап, жұмыста табыс тіледі.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі