Алға аудандық сотында 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Е.С.Муратканов және жергілікті «Жұлдыз» газетінің  бас редакторы Ж.Конжарұлы қатысты.

Брифинг барысында  соттың төрағасы  Е.С.Муратканов аталған кезеңде сотпен атқарылған жұмыстардың қорытындысын мәлімдеді.

2017 жылдың 9 айында аудандық сотпен  81 тұлғаға қатысты 78 қылмыстық іс қаралған, оның ішінде 52 айыптау үкімі шығып, 15 қылмыстық іс  медиация тәртібімен қысқартылған.

Есепті кезеңде 545 тұлғаға қатысты 545 әкімшілік іс қаралып,  472 іс бойынша әкімшілік жаза тағайындалған. Медиация тәртібімен 29 әкімшілік  іс қысқартылған.

Сондай-ақ, есепті кезеңде барлығы 715 азаматтық іс қаралып, 317 шешім, 234  сот бұйрығы  шығарылған, дауды медиация тәртібімен реттеу арқылы  75 азаматтық іс, татуласу келісімі арқылы 83 азаматтық іс тоқтатылған.

Дыбыс-бейне жазба кұралдарын қолдану арқылы 349 азаматтық іс, 78 қылмыстық іс, 545 әкімшілік іс қаралған.

Есепті кезеңде Алға аудандық сотында 49 дөңгелек үстел, 65 семинарлық сабақ, 15 брифинг өткізілген.

2017 жылдың 9 айында газет бетіне 47 мақала жарияланған.

Брифинг соңында сот төрағасы Е.С.Муратканов БАҚ өкілінің  сұрақтарына жауап беріп, қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі