Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық сотының судьясы «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасында «Адам және заң» бағдарламасында тікелей эфирде сұхбат берді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық сотының судьясы А.К.Шарипбаев   «Қазақстан-Ақтөбе» теле-радио компаниясының  «Адам және Заң» бағдарламасында  дау-жанжалдарды татуластыру рәсімдері бойынша ақпарат берді.

Судья А.К.Шарипбаев «Адам және Заң» бағдарламасында  судьялардың VII съезінде айтылған мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша ақпарат берді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен бекітілгенін пилоттық жоба туралы да айтып өтті.

Әңгімелесу барысында судья Қарғалы аудандық сотының статистикалық есебін беріп өтті және пилоттық жобаның мақсаттары мен талаптарын және осы жобаны қолданылу арқылы шешуге болатын даулардың санаттарын атап өтті.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі