Ақтөбе облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тұрғындардың сот қызметі жөнінде хабардар болуын, сот төрелігін жүзеге асырудың мәселелері бойынша азаматтармен диалогты жөнге келтіру, сот төрелігінің ашықтығын, айшықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Әкетай Мұратғали Абрарұлы  2017 жылдың 22 тамызында сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін интернет-конференция өткізеді.

Барлық сұрақтарды http://akt.sud.kz/kaz/node/add/question сілтемесі арқылы төрағаның блогына немесе «интернет конференцияға арналған сұрақ» белгісімен Ақтөбе облыстық сотының 713-0801@sud.kz электронды мекенжайына жолдауларыңызды сұраймыз.

Сұрақтарыңызға тез арада жауап алу үшін, сұрақтарыңызды нақты және қысқаша дәріптеп, ұсынуыңыз сұралады.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі

8-713-2-70-48-60

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі