Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Ашық есік күні" өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 10 желтоқсан 2014 жылы «Ашық есік күні» өткізілді.
Іс-шараға Ақтөбе қаласы ҚазГЗУ колледжінің 3-ші курс студенттері қатысып, сот төрағасы Н.Т.Сұлтанов жүргізді.
Кездесу барысында қатысушылар түрлі тақырыптар бойынша сұрақ қойды, әсіресе соттың қандай істерді қарайтыны, азаматтардың алқабилер қатарына қалай енетіні, заңгер мамандығының ерекшелігі жөнінде сұрақтар олардың қызығушылықтарын тудырды.
Кездесудің соңында студенттер сот отырысының залдарына саяхат жасады.
Қатысушылар ұйымдастырушылардың атына алғыс сөздер айтып, іс-шара жылы лебізде өтті, әрі қатысушылар үшін қызықты әсер қалдырды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі