Ақтөбе қаласының №2 сотында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының №2 сотында «Медиация Заңы» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға  сот төрағасының міндетін атқарушы А.А.Мұқанов, судьялар,  қала прокуроры, қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасарлары, қорғаушылар, медиаторлар қатысты.

Іс-шара барысында судья Н.Бисени өз баяндамасында «Медиация – даулы мәселелердің соттан тыс, бейтарап, даудың шешілуінде қызығушылығы жоқ үшінші тарап –медиатордың қатысуымен шешілуі. Медиация рәсімі кезінде дауға қатысатын тараптар медиатордың тәжірибесі мен біліміне сүйене отырып, өзара қолайлы шешімге келеді. Даулы мәселенің шешілуі толық тараптардың еркіне байланысты. Медиацияның ерекшеліктері болып бұл рәсім икемді әрі бейресмилі болып табылады.  Медиацияда кімнің кінәлі әлде кінәлі еместігі анықталмайды. Медиацияның басты мақсаты – пайда болған түсініспеушіліктердің сындарлы шешімін табу», - деп атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысып отырған мекемелердің өкілдері осы аталған тақырыптарға қатысты өз тарапынан пікірлерін айтты.

Қорытындылай келе,  сот төрағасының міндетін атқарушы  дөңгелек үстелге қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, белсенді қатысқандары үшін ризашылығын білдірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі