Ақтөбе қаласындағы №23 орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдеріне кәмелетке толмағандардың істері жөнінде дәріс оқытылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласындағы №23 орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдеріне Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныңтөрағасы Н.Б.Ормаханов«Кәмелетке толмағандарды арнайы білім беру ұйымдарына немесе айрықша режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу» тақырыбында дәріс өткізілді.

Өз сөзінде Н.Б.Ормахановарнайы білім беру ұйымдарына жіберу әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды талап ететін жүйелі түрде құқық бұзушылық жасайтын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алудан қасақана бас тартатын, жүйелі түрде отбасынан және оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан өз бетінше кетіп қалатын, қоғамдық әрекеттерге қарсы өзге де әрекеттер жасайтын он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуді, оқытуды және әлеуметтік бейімделеуді қамтамасыз ету мақсатында реттелетінін, ал айрықша режимде ұстайтын білім беру ұйымдар қылмыстық белгілері бар қоғамға қауіпті әрекеттер жасаған, қылмыстық жауапкершіліктен босатылған он бір жастан он сегізжасқа дейінгі кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуді, оқытуды және әлеуметтік бейімделеуді қамтамасыз ету мақсатында құрылатынын түсіндірді. 

Н.Б.Ормаханов өз қорытындысында, мектепке барудан бас тартуға, өз еркімен үйден кетіп қалуға және құқық бұзушылықтың жасалуына жол бермеу керектігін  атап өтті.

Дәріс соңында мектеп оқушылар мен мұғалімдер тарапынан сұрақтар қойылып, ол жөнінде тиісті жауаптар алынды.

Сөз сонындаН.Б.Ормаханов оқушыларға алдағы емтиханды тапсыруларына сәттілік тіледі.