Ақтөбе қалалық сотында «Сот медиациясының артықшылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотының оқу орталығында Ақтөбе қаласы Әкімшілігінің өкілі Ы.С.Рамазанованың, «Ақтөбе қаласы жер қатынастар бөлімі» РММ өкілі С.Ж.Байназаровның, кәсіби медиатор С.Ш.Тулькубаева мен сот судьяларының қатысуымен «Сот медиациясының артықшылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ақтөбе қалалық сотының судьясы А.Ж.Садыкова жер даулары бойынша азаматтық істер қарау барысында сот медиациясын кеңінен қолдану мәселесін көтеріп, сотқа дейінгі медиация рәсімін дамыту мақсатты алға тартып, осы санаттағы істер бойынша сот тәжірибесімен бөлісті және өзекті  мәселелерге тоқталып өтті.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар келесі қорытындыға келді.

Мемлекет Елбасымен «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында дауларды шешу кезінде басты қойылған талаптардың бірі татуласу рәсімдерін кеңінен қолдану болып айқындалған. Жер даулары, соның ішінде жер учаскелерін пайдалану тәртібін анықтау, жер учаскелерін пайдалану кедергілерін жою, сервитутті белгілеу, жер учаскелерінің шектерін анықтау туралы талап арыздарды мәні бойынша қарау кезінде сот, өкілетті мемлекеттік органдар мен медиаторлардың көмегімен тараптар арасында медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен істі аяқтауға толық мүмкіндіктерін жүзеге асыру ұсынылды. Бұл бағыттағы жұмыс тараптар арасында жағымды көршілес қарым-қатынастарды, шығындарын үнемдейді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі