Ақтөбе қалалық сотында коммуналдық қызмет көрсететін ұйымдардың қатысуларымен дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотында коммуналдық қызмет көрсететін ұйымдардың қатысуларымен дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шарада осы соттың судьясы А.Жамиев баяндама оқып, өз сөзінде коммуналдық қызметтер үшін ақы өндіріп алу туралы азаматтық істерді қарау барысында туындайтын проблемалар жөнінде және   дөңгелек үстел қатысушыларға дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеудің артықшылығы жөнінде баяндады.

Өз кезегінде «Трансэнерго» АҚ, «Актобеэнергоснаб» ЖШС және «Ақбұлақ» АҚ-нің өкілдері талқыланған тақырып бойынша өздерінің ойларын білдірді.

Кездесудің соңында жұмыс барысында қолдану үшін жалпы ұсыныстар қабылданды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі